Қармақшы ауданының Ақай ауылында аудандық семинар өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қармақшы ауданының Ақай ауылында аудандық семинар өтті

06.12.2019, 16:00

144 0

Kyzylorda-news.kz. Ақай ауылындағы №279 орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес, бітіруші түлектерге кәсіби бағдарды жандандыру, мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру мақсатында «Мамандық таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау»  тақырыбында  аудандық семинар болып өтті.

Семинарға қатысушылар «Рухани жаңғыру – ұлттық өнерден басталады» тақырыбындағы көрмемен танысты.

Семинар барысында «Қорқыт Ата» оқушылар қауымдастығымен «Жұмыссыз қалдырмайтын мамандық», «Мамандықтың бәрі жақсы – қалауынша таңдап ал» тақырыбында танымдық сабақтар өтті. Сонымен қатар «Ата-анамның бір жұмыс күні»  тақырыбында презентациялық сабақ, «Қамшы өру» атты сыныптан тыс жұмыс, «Мамандықтар» трансформациялық ойыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ  жоғарғы сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел  өткізілді.

Семинар соңы қатысушыларға арналған тренингке ұласты.

Г.Смайлова,

№279 орта мектеп кітапханашысы

0

Пікір қалдыру