Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы Зияткерлік мектептің оқушылары Отбасы күнін постерлер байқауымен атап өтті. Жатақхана оқушылары өз шаңырақтарының басты құндылықтары мен дәстүрлерін шынайы суреттеп берді.

Отбасылық тақырыпқа арналған постерлер әртүрлі техникада орындалды.
Біреуі отбасы мүшелерінің портретін салса, ал енді біреуі «Отбасы»
сөзінің мағынасын түсіндіріп, коллаж арқылы үй дәстүрлерін көрсетті. Отбасының нышаны мен біртұтастығын бейнелейтін Шаңырақ шығармашылық жұмыстардың негізгі символына айналды.

– Менің отбасым үлкен. Жанұямыздың басты ұраны – бір-бірімізге қамқор болу, сыйлау, көмек көрсету, – деп бөліскен Жанерке Тәңірқұл өз суретінде отбасы мүшелерін талдың бұтағында бейнеледі.

Ал Айжан Айбек үшін отбасы – басты байлық:

– Мықты және бақытты отбасынан қымбат ештеңе жоқ. Жақындарымыздың қолдауы мен қамқорлығы, қуанышты естеліктер біздің өмірімізді жақсартады.

Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда әр адам үшін басты әлеуметтік институт болып саналатын Отбасы күні ретінде аталып өтіледі.

Тағы да оқыңыз: