Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы білім басқармасының бұйрығының негізінде «Облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры қызметіне Ибраимова Жанар Қолғанатқызы тағайындалды.

Жанар Қолғанатқызы 1977 жылы 14 шілдеде Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Орталық Азия университетінде педагог-психолог мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1997 жылы мектеп балабақшасында тәрбиешісі ретінде бастаған. 2005-2007 жылдары аралығында ППТК Арал қаласы емдеу сауықтыру ісінің маманы, педагог-психолог, 2009 жылдан бастап осы кезге дейін аталған мекеменің меңгеруші қызметтерін абыроймен атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: