Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік мектепте де, жеке білім беру ордасында да хиджаб кию ел заңына қайшы. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“2016 жылы мектеп формасына қатысты білім министрінің бұйрығы шықты. Оған сәйкес, стандарт бекітілген. Азаматтар осы ережені, жалпы заңдарды сақтауға тиіс”, – деді Нүкежанов.

Ол Конституцияда Қазақстан зайырлы мемлекет екені жазылғанын атап өтті. Мектепке баратындар білім және ғылым министрі бұйрығын, “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заң мен Конституцияны сақтауға міндетті. 

“Мемлекеттік мектепте де, жеке білім беру ордасында да хиджаб кию ел заңына қайшы. Стандарттар барлық мектепке қатысты. Талап орындалмаған жағдай болса, өңірдегі білім басқармасы, комитет немесе министрлікке жүгіну керек”, – деді комитет басшысы.

Тағы да оқыңыз: