Kyzylorda-news.kz. Бүгін С.Лапин атындағы №261 орта мектебінде мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» аталып өтті. Аталмыш даталы күнде өзін-өзі басқару жобасы аясында мектеп оқушылары білім, мәдениет, ақпарат, спорт министрлері өз жұмыстарының таныстырылымын жасады.

Іс-шара аясында Мектеп Президенті Бақтыгүл Шаймұрат бүгінгі күнді мектеп жылыжайын аралаумен бастады. Шарада домбыра үйірмесінің әуезді әні тыңдалып, Мәдениет министрі Мақсат Гүлсезім М.Ниязов атындағы «Алтын домбыра» ұлттық кабинетінің іс-жоспарына тоқталды. Мұнан соң оқушылардың қолынан шыққан түрлі өнер бұйымдарының көрмесі көрсетілді. Сондай-ақ оқушылар театры жобасы аясында «Лапин шоу» театры «Найман ана» қойылымы мен «Қуыршақ» театрының «Бауырсақ» ертегісінен үзіндісін қойды.

Ал Спорт министрі Әбілхан Абылайхан спорт үйірмелерінің мектепте жүргізілу барысына тоқталса, Білім министрі Қуаныш Інжу «Ғасыр алыптары» дебат клубының Американдық парламенттік форматтында пікір сайысына қатысты. Ақпарат министрі Каримбаева Дильназ оқуға құштар мектеп жобасы аясындағы COWORKING орталығының тыныс тіршілігін баяндады.

Сонымен қатар Мектеп Президенті шара соңында Дублер күнінінің жүргізілу барысымен танысып, мектеп директоры және орынбасарларының есебін тыңдады.

Тағы да оқыңыз: