Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет Қармақшы ауданында болып, бірқатар білім беру мекемелерін аралады.

Басқарма басшысы Қармақшы ауданына сапары барысында ең алдымен балалар демалысына арналған жаңа тынығу лагерінің жағдайымен танысты. Мұнда баланың жыл бойы ой сергітіп, олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу мен түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Мейрамбек Зинабдинұлы аудандық білім бөліміне балалардың тынығу орнын жыл бойы жұмыс жасау үшін олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу және түрлі үйірмелер мен сайыстар өткізу секілді ұсыныстар беріп, оқушылардың уақытын тиімді ойластыруды тапсырды.

Құрылыс жобаларын уақытылы әрі сапалы орындау басты міндет. Жұмысты жүйелі жүргізу, оны сапалы әрі дер кезінде аяқтауды қадағалау мақсатында сала басшысы аудандағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №121, №85, №28 мектептеріне барды. Құрылыс жұмыстарының барысымен жіті танысқан Мейрамбек Шермағанбет жөндеуді сапалы әрі уақытылы болуды және мектеп директорларына үнемі қадағаулада ұстау керектігін қаперге салды.

Басқарма басшысының ауданындағы жұмыс сапары Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ағымдық жөндеу жұмыстары, тазалығы мен өрт қауіпсіздігі жұмысымен танысып, оқуға құжат қабылдау процесін пысықтады.

Тағы да оқыңыз: