Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова кезекші топтарда коронавирус анықталған жағдайда қандай шаралар қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Есмағамбетова егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізетінін атап өтті.

“Сол сыныптың оқушылары, сабақ беретін мұғалімдер және бір инкубациялық кезеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланады. Содан кейін зертханалық тексерістен өтеді”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Мемлекеттік санитар дәрігердің айтуынша, вирус бірнеше сыныптан шықса, мектеп толығымен жабылуы мүмкін. 

“Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрі сыныптарға сабақ берген мұғалімдерден анықталса, ауруды одан ары таралуын болдырмау мақсатында мектеп толығымен жабылуы мүмкін”, – деп атап өтті Есмағамбетова.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл оқушылардың 80 проценті, 2,6 миллион оқушы қашықтан оқиды. 15 проценті (530 мың бала) кезекші сыныптарға барса, 5 проценті (202 мың бала) ауыл мектептерінде білім алады.

Тағы да оқыңыз: