Kyzylorda-news.kz. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы қалалық департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева онлайн- брифинг барысында 1-сыныпқа баратын балалар ешқандай тест тапсырмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалары бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға айтарым, 1-сыныпқа баратын балаларды тестілеуден өткізуге бірде-бір мектептің құқығы жоқ. Олар бәрін қабылдауға міндетті. Биыл өтінім электронды түрде eGov арқылы беріледі. Егер мұндай жағдайлар болса, бізге хабарласыңыз. Бізде сайт және Call-орталық бар. Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған баланы тестен өткізуге ешкімнің құқығы жоқ», – деді Гүлнәр Ермекбаева.

Сонымен қатар, ол барлық балаларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұған дейін, департамент басшысы Алматыда жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтқан болатын. Еске салайық, биыл 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыруға құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады. Қабылдау мерзімі – 1 маусым – 30 тамыз аралығы. Бұл ретте, 1-сыныпқа баратын оқушының ата-анасынан (заңды өкілдерінен) 4 құжат қана сұралады: – өтініш (еркін түрде); – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; – бала денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт); – 3×4 көлеміндегі екі фото тапсырылады.

Тағы да оқыңыз: