«Балалар ең бірінші қазақ тілінде білім алу керек» – Президент – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Балалар ең бірінші қазақ тілінде білім алу керек» – Президент

24.01.2020, 15:20

9563 27

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мемлекет басшысы елордада өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті.

27

  • Мемлекеттік тілді көтеруіміз керек
    Қазақ тілді меңгермей басқа тілдіқайтеміз. Үйренгісі келетін адам өзі-ақ үйренеді. Сондықтан да ағылшын тілі 5-сыныптан басталу керек

  • Ел Президенті дұрыс айтады Рнсеймен шегараласпыз,тарихи көршіміз экономикамыз да бі болашақта одаг да жақындасып безвиз болса Туған тілді міндетті түрдеАғылшын тілі ата ананы да баланы да шаршатты 5сыныптан қоссп да кеш емес Сове ожағы кез солай болды емес пе ал үйрегем дегендерге арнайы орталық ашсын Биология мен басқа пәндерге ағылшынды мәжбүрлеп оқыту тоқтатылсын биология химтя фихика информатика туған тілде жүрсін

  • Өте дұрыс.Ағылшын тілін кеңес дəуірінде, бесінші сыныптан оқыдық.Сондай білім алған,Тоқаев мырза бəрімізге үлгі.

  • Қазақ тілін көтеру керек.Бірінші орында тілімізді басты назарға алған жөн.Тіліміздің қадір-қасиетін бағалай білейік.

  • Ағылшын тілін бастауыштың соңғы сыныбында оқығаны дұрыс деп ойлаймын.Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлынының ұстанымына толық қосыламын.Ұлтымыз үшін қызмет ететін уақытты дұрыс пайдалану керек.Ұлтжанды ұстаз ретіндегі пікірім.

  • Менде Президентіміздің айтқанымен келісемін,бірінші өз тілімізді үйреніп алайық,орыс,ағылшын тілдерін өз қажеттілігіне қарай жастар тез үйреніп алады,ақсап тұрған қазақ тілі

  • Мен өзім ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болсамда Президентіміздің айтқаның қолдаймын. Ең бастысы кішкентай кезінде баланы ана тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға үйреткен жөн ,содан кейін орыс тілінде көшеде, бала бақшада сөйлеп үйренеді ал 4 сыныптан бастап ағылшын тілінде оқытуға болады, 1, 2 , 3 сыныпта ағылшын тілің үйрету ерте.

  • Ең әуелі қазақ тілі. Өзге тілді 5 сыныпта бастаған абзал. Ал қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін, үкімет, мәжіліс, сенат тек қазақ тілінде сөйлеу керек.

  • Өз тілін білмеген ұрпақ ешқашан өз еліне қызмет етпеит. Қазақ тілінде 7сыныпқа деин кемінде білім алуы керек өз тілін тарихын ,мәдениетін бойына сіңіргенсоң барып оқу керек қалаған тілін.

  • Құл халық қожайынның тілінде сөйлеит деген екен. Ел боламыз десек бірінші орынға тілімізді қойайық жастар білімді тәрбиелі болса экономикамызды өздеріде көтеріп алады.

  • Өз тілінде ғана білім алу керек деп есептеймін. Ағылшын тілі тек ағылшын тілі сабағында уйретілуі керек. Қазірдің өзінде бүкіл жұмыс орындарында орыс тілі пайдаланылады. Егер енді оқу ағылшын тілінде жүргізілсе, бұл қазақ тіліне үлкен соққы болмақ.

  • Қазіргі мектеп программасын бала түгілі жоғары білімі бар ата-аналар түсінуіміз қйын.Кітаптың сапасы жоқ, тағы жылда өзгертіп отырады.Содықтан менімше сапасын жақсартып,тек жаңалықтар болса қосып отырса болар еді. Совет үкіметі кезіндегі біліммен ештеңеден құр қалған жоқпыз.33 жыл үкіметке жұмыс жасадым.

  • Сәлеметсіздерме менде елбасымыздың бастамасын дұрыс деп ойлаймын. Қазақ тілінде оқытылуы керек.Орыс, ағылшын тілдерін 5 сыныптан қосып оқытса да кеш қалмайды. Орыс тілін де 5 сыныптан оқытылғаны дұрыс. Онсызда балабақшадан үйреніп келеді. Тәртіппен тәрбие, қазақша оқу жеткілікті. Керегін оқып алады.Биология пәнін ағылшынша оқытамыз деп балаларды қинамаған дұрыс.
    Балалардың тіл кемістігі көп әріптерді, сөздерді балалар дұрыс айталмайды жылдан- жылға балалардың логопетке баруы көбейіп барады. Сондықтан балаларымызға керекті пәннің өз тілінде өтілуін қадағалауымыз керек. Менің бұл өз ойым. Неге балалардың тілдері сақауланып барады мені осы ой жиі мазалайды?

  • Мен торт баланын анасымын.Балаларымыз МАД сыныбынан бастап орыс тили мен агылшын тилин окиды,Дым тусинбиди сонын не кереги бар дим.Ен биринши казак тилин арпин уйретип алсак нур устине нур болар еди.Бурынгы Алиппемиз кайта оралса екен.

  • Бізге Жапон мемлекеттінің,білім саласының жетістігін, қолдану керек. 1ші-6шы сыныпқа деиін бәр ұлт өкілдері, тек қазақ тілінде білім алуы керек.

  • Сәлематсызба! Мен сіздің бұл ұсыныңызды шын неиетпен қолдаймын Президент мырза..мен ағылшын тілінің маманымын..бастан баланы ана тіліне үйрету .ана тілінің маңыздылығы мен құндылығын бойына сіңіріп жетіскен соң ғана басқа тілдерді оқытқан дұрыс..орыс тілдің де қажеті жоқ орта сыныпқа жеткенше деп ойлаймын. Оның орнына баланың қабілетін өсіретін…жан жақты дамытатын сабақтар жүргізілсе қазақша.

  • Өте орынды пікір! Ананың ақ сүтімен берілетін Ана тілін меңгермей, Ұрпақтың болашағы бұлыңғыр, келешегі күңгірт. Ал басқа тілдерді меңгереді.

  • Президент дұрыс айтады алдымен қазақ тілінде білім алу керек өзге тілді орта буында 5 сыныптан бастасада ештеңеден кем қалмайды

  • Өте орынды,дер кезінде айтылды,енді аз болса мәңгүрт болар едік,бірақ,үнемі реформамен келе жатқан Білім министрлігі мұны басшылыққа алама әлде баяғы жартас бір жартас күйінде қалама.
    Білімді жоғарғы сатыға көтерген мемлекеттер бұрынғы Советтік білім жүйесін қолданып отыр,кім ұтты кім ұтылды.Кәзір әлеуметтік желіде жастардың бір біріне жазған хаттарын қарасаң жанның ашыйды,мүлде сауатсыз,қайдан білім алған.Жас ұрпақты алдымен ана тілінде сауаттандырып,тиянақты білім беріп алған соң шет тілінен сауаттандыруға көшу керек,ол 5ші сыныптан басталғаны абзал.Пәндерді шет тілінде оқыту жастарды мәңгүрттендіруге бастайтын жол,бес қолдың саласы бірдей емес,дарындылар қажетті пәндерін шет тілінде факультативті түрде оқысын.Президентімізді мектепте шет тілінде оқытпадыққой,жеті тілді қалай меңгерді,осының өзі Советтік білім жүйесінің артықшылығын көрсетіп тұр.Өткеннің бәрін жамандап,онда өмір сүргендердің бәрін ақылсыз санап,алға жылжу мүмкін емес екенін дәлелдеудің мәні жоқ.

  • Салеметсызбе мен алты баланы жалгыз асраушымын екы балам денсаулыгына байланысты уйде окыйт озымде денсаулыгым жок болгандыктан жумыс жасай алмайм балалардын пасобия пенсияасмен отырмын уйде балалар сабак окыйтындай менде кампитор ногпут жок алты баламда Нурултан каласынын/49 мектеп окушлары казыргы уакытта мынандай жагдайга байланысты уйде окыйтын денсаулыгы жок балаларымнында мугалымдерынде кыргызе алмайм бул ауруды наукас балаларымнан бурын озым котере алмайм мен екыншы категорияадагы туберкулёзбын жалгыз асраушы болгандыктан сыздердын кенестерынызге муктажбын быр кызым дияагнозы Гене баре екыншы кызым сахырный диабет .

Пікір қалдыру