«Балалар ең бірінші қазақ тілінде білім алу керек» – Президент – Kyzylorda News
Басты бет

«Балалар ең бірінші қазақ тілінде білім алу керек» – Президент

24.01.2020, 15:20

10504 27

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мемлекет басшысы елордада өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті.