Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда үздік педагогтарды өңірлерге арнайы бағдарлама арқылы тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Алдағы уақытта үздік педагогтарды Маңғыстау, Атырау, Алматы мен Түркістан облыстарына тарту бойынша арнайы бағадарлама қолға алынады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау жасалады. Соның ішінде жалақының ұлғайтылған коэффиценті, арендалық баспана мен коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу сияқты шаралар бар”, – деді Каринова министрліктің алқа мәжілісінде.

Осылайша, аймақтардағы білім деңгейінің алшақтығын қысқарту жоспарланып отыр. 

Бұдан бөлек, 2022 жылы кем дегенде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.

Айта кетері, қаңтардың басында жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үздік педагогтарды аймақтарға тарту бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

Тағы да оқыңыз: