Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын қаншалықты көтеру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Министрлік 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25% -ға өсіруді жоспарлап отыр. Бұл есептеулерді 2023 жылға дейін қаржыландыру аясында қаржы министрлігіне ұсындық”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 1 қыркүйектен бастап дәптерлерді тексергені үшін және сынып жетекшілері үшін мұғалімдерге берілетін қосымша төлемдер екі есеге артты.

“Магистратура үшін мұғалімдер 27 мың теңге көлемінде жаңа қосымша ақы алады. 1 қыркүйектен бастап дәптер тексергені үшін төленетін төлем екі есеге, сынып жетекшілігі үшін төленетін төлем екі есеге артады”, – деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Тағы да оқыңыз: