Kyzylorda-news.kz. 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Көк аспанда күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Бақыт пен шаттықтың ордасы «Атамекен» ауылының құрылғанына биыл – 7 жыл.
Бүгінде мұнда «Сарыарқа», «Байқоңыр», «Ақжайық», «Мадияр», «Оқжетпес», «Ұлытау», «Үшқоңыр» отбасының балалары тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Мерекелік шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Жандос Базартай мектеп бітіруші түлектерге білім грантын табыстады. Грантты биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын Нұршат Нышанова мен Әділет Мәді иеленді.

Сондай-ақ, салтанатты шарада университетке бекітілген «Ақжайық» отбасының балаларына қызықты кітаптар сыйлыққа берілді.

Университеттің «Экономика және басқару» кафедрасының әлеуметтік жұмыс мамандықтарын даярлау мақсатында балалар ауылында филиалы жұмыс істейді. Профессор-оқытушылар және білім алушылар тарапынан мереке күні түрлі топтағы балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Тағы да оқыңыз: