Қызылордалық студент «ТМД-ның Үздік жас ғалымы» атанды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық студент «ТМД-ның Үздік жас ғалымы» атанды

05.04.2020, 15:00

1032 0

Kyzylorda-news.kz. «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі және ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институты» бірлесе ұйымдастырған Халықаралық жоба аясында «ТМД-ның Үздік жас ғалымы» атты іс- шара өтті.

Аталған жобаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 9 мемлекетінен 1200 өтінім қабылданған. Нәтижесінде «Үздік жас ғалым-2020» номинациясы бойынша үздік деп танылған бірқатар жас марапат төрінен көрінді.

Олардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті Бекжан Сейілханов та бар. Жоба барысында жас ғалым І дәрежелі дипломмен және арнайы төсбелгімен марапатталды.

Ал ғылыми жетекшісі Ақмарал Мұхтароваға Алғыс хат табыс етілді.