Kyzylorda-news.kz. Облыстық жастар ресурстық орталығы мен қалалық жастар орталығы бірлесіп Арай сити сауда үйінін алдында «ЖазFEST» өнер фестивалін ұйымдастырды.

«12 тамыз жастар күніне орай, жастар апталығы жарияланды. Соның аясында осы жерде заманауи би өнерінен бүлдіршіндер сынға түсті. Сонымен қатар, «Атамекен» балалар ауылының қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар бос уақыттарын тиімді пайдаланып түрлі қолөнер бұйымдарын дайындаған. Мұның бәрі жастардың, қала тұрғындарының уақытын тиімді пайдалану мақсатында фестивальді ұйымдастырып отыр. Мұндай көпшілік мәдени іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Талғат Тілесов.

Бұл іс-шарада халық арасынан шыққан бишілер мен «Qosyl Dance» тобының бишілері сынға түсті. Ақтық мәреде Сұлтана есімді кішкентай бүлдіршін жеңіске жетіп, 10 мың теңгелік сертификатқа қол жеткізсе, Гүлнұр есімді қызға 5 мың теңгелік сертификат берілді. Фестиваль би жарысымен шектеліп қалмады, әншілер де ортаға шығып, халықтың көңіл-күйін көтерді.

«Мен ата-анаммен сауда орталығында қыдырып жүріп биден жарыс өтіп жатқанын байқадым. Бағымды сынап көру үшін жарысқа қатыстым. Жеңіске жетемін деп ойламадым. Себебі өнерлі бүлдіршіндер өте көп екен. Ұйымдастырушылар рақмет», – деді жеңімпаз Сұлтана.

Тағы да оқыңыз: