Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қант пен тұз тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 5 қарашада сағат 11.25 шамасында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының Қызылорда қаласы тұсындағы айналмалы көпір маңында болды. Жергілікті серіктестік меншігіндегі «ГАЗ-3307» жүк көлігінде әрқайсысы 50 келілік 60 қап қант, 20 қап тұз және 100 блок сусын өнімдері тиелген.

«Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №6 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 6 қызметкер барды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Келген шығын мөлшері анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Тағы да оқыңыз: