«Ақмая» шаруа қожалығынан Аралдың бірнеше ауылына тегін шөп жөнелтілді – Kyzylorda News
Басты бет

«Ақмая» шаруа қожалығынан Аралдың бірнеше ауылына тегін шөп жөнелтілді

27.07.2021, 18:15

729 0

Kyzylorda-news.kz. Қуаңшылық орнаған Арал ауданындағы ағайынға көмек беру жұмыстары Шиелі ауданында күннен күнге жанданып келеді. Бірнеше күн бұрын «Халық» шаруашылығы бастаған бұл істі бүгінде «Ақмая» шаруа қожалығы қолдап, тіркеме жегілген 2 камаз көлігін жөнелтті.

«Бұл керуен Аралдық ағайынға тегін үлестірілмек. «Көп түкірсе көл» деген. Аралдағы ағайынға аздаған болса да көмегіміз тисе, біз үшін сол нағыз бақыт» дейді«Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Дәулет Жұмбеков.

Ал аудан әкімінің орынбасары Е. Апетовтың айтуынша, алдағы уақытта да шөп тиелген керуендер қуаңшылықтан зардап шеккен аудан жұртына жөнелтіле бермек. Бастысы елдің басына түскен қиындықты бірге еңсерсек болғаны.

0

Пікір қалдыру