Kyzylorda-news.kz.Әлемде коронавирустық пандемия таралу шегіне жеткен жоқ, инфекцияны жұқтырушылар саны әлі артуда, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында айтылды.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, соңғы күндері 400 мыңнан астам адамнан «Ковид-19» инфекциясы анықталған. Яғни, індет тек үдей түсті. Дегенмен, кейбір ел өлім-жітімнің санын азайтса, кейбірінде адам шығыны көп, дейді мамандар. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүкіл әлем бойынша шамамен 12 миллион адамнан COVID-19 анықталса, олардың 540 мыңнан астамы қайтыс болды.

Тағы да оқыңыз: